Шипасы жоқ ауру, жаман әдет. ~ Осы сөздерді естігенде, Демежанның да жүрегі сыздап, ауырып кеткендей болды. Неткен
ұқсас хал еді?! Дәл мұның басындағы мұң ғой – Әсеттің де айтып отырғаны. Құлғанадай қуып, қайда барсаң құтқармайтын
неткен айықпас дерт еді?! Қ.Жұм. ~ Адам өмiрi құнсызданған кедей елдерден гөрi төрт құбыласы түгел дәулеттi елдерде
адамдардың өзiне-өзi қол салу әрекеттерi көп дейдi. Себептерi әртүрлi: айықпас дерт, алданған махаббат, адасқан арман,
түзелмес тұрмыс т.с.с. Т.Әбд. ~ Менің ата-бабаларым да, елдігі мен ездігі қатар жүретін кәдімгі пенде болып қана өтті ме
өмірден? Олардың ұрпағы да солай бола ма? Бүкіл адамзатқа шыр етіп жерге түскеннен жабысып, ақырзаманға дейін алып
барып, түбіне жететін айықпас дерт осы ма? Е.Әл.
