АЙЫЛЫН ЖИМАДЫ
Қымсынып-қымтырылмады; оғаш мінезін көрсете берді; райынан, бетінен қайтпады. ~ Айылын да жиған жоқ, сықақ қылған кісіше мырс етті: – Ей, байғұс, белетіңді бетке ұстап қоқиланғың келді ме? Сонша қоқиланғандай қанша білімің бар? Қандай тұтынған жолың бар? Ж.Айм. ~ Сырлы тостағаннан сыздықтатып айран жұтқан Сұржекей бұның кіргенін көзі шалса да айылын жимады. С.Ел. ~ Бірақ, ауыл бұл маңайдан екі-үш шақырым жерде еді. Нұртай айылын жиған жоқ. Алыстан айбат шеккені болмаса, иттер де ұмтылмады. З.Шүк. ~ … Ендеше неге аңдап сөйлемейсің? ” деген жіңішке тұспалды жеңіске жетіп оншалық жетіспеген, қанағат таппаған Нартуған тез түсінді. Бірақ солай екен деп бұл айылын жиған жоқ. О.Сәр.
