Ескі дәстүр-салт бойынша қылмыс жасаған жаққа салынатын айып ақы, өтем түрі. ~ Жәнібек балам-ау, о заман да бұ заман қайдағы жоқ айып-айбананы сырт отырған, қатысы жоқ жарлы-жақыбай ауылына салғандарың түк қисынға келмейді ғой, – деп шұбырта бастап еді, поштабайдың ақи көзі ақшаң етіп атысып… С.Жүн. ~ Қашанғы бұға бересіңдер? Бұрынғысын
айтпағанда, күні кеше керей мен атығай-қарауыл арасына ой тастап, екі елді араздастырып, жауластырып қойған Нұртаза
емес пе?! Керейдің қыруар малын айдатып алып, ақыры бәріңе төлетіп, айып-айбана салған Нұртаза емес пе? Әй, мына
жақта Қантай ауылының Есембайлары отырсыңдар. С.Жүн. ~ Ал барымташыларды жазғырғанда, жылқы ұрлаған жаққа,
айып-айбана тартқызып, кейде ұрлаған, айдалған малды “мойнына қоссау, артына тіркеу” деп, екі есе өсімімен қайтартып,
бітістіретін де болған. С.Жүн.
