Әлдебір айыбының, кінәсінің құнын өтеді. ~ Қырық ноқта дегені – жігіт қырықта толығып болады дегені. Алпыс арқан бер дегені бұл күнде арқандаулы ат болдың деген сөзі, – депті. – Жетпіс шідер бер дегені – енді он жылда жетпіске шығасың, сонда шідерлеген аттай боласың, деген сөзі еді. Соның үшін мен қыздан жеңіліп, оған айып-анжы, сый беріп жөнелттім. Енді балама әперіп, келін етемін, – деген екен хан. БС. “Балықшы шал…” ~ Жол бойындағы осы бірталай ауылдардың атқамінер адамдары Қарқаралыда дәл қыс ішінде Құнанбай алдында болып, дау-шарын бітіріп қайтқан екен. Ақы төлеуін, айып-анжысын алып, есебін айырып, егескен жерлерінен Құнанбай арқылы өш алғандары да бар екен. М.Әу.
