Ерекше өткір, жүзі мұқалмайтын, қымбат қанжар, қылыш, пышақ. ~ Қолындағы алмас қанжарын баппен созып, көкірек тұсына тақай берді. Қағып жіберейін десе, қолы қимылдамайды. Ақ алмас жалаң-жалаң етеді. Ә.Кек. ~ Шықпаған енді жалғыз Жармақ қалды, Ойламас сол уақытта бас пен малды. Бекініп түгел типыл қиратуға, Қолына ақ алмасын тағы да алды. БС. “Сәтбек б.” ~ Түйеден Мақпал да іле түсе қалды, Қолына бір ақ алмас пышақ алды. Шешесі шешуіне қарамай-ақ, Түйенің қос арқанын қиып салды. БС. “Мақпал – Сегіз”.
