Posted in

АҚ БАС ШАЛ (АДАМ)

Сақал-шашына ақ түскен қария, шал. ~ Әруағыңнан айналайын, ақ бас шал. Жылда ауылға барған сайын мен сенің. Кете алмаймын бейітіңе соқпастан. М.Шах. ~ Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар, Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар, Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар! М.Мақ. ~ Жанай мен Барақ бухгалтерлік іс қағаздарды рет-ретімен тексерушілерге әзірлеп беруге кіріскен. Тексерушілердің бастығы әлгі ақ бас адам сырттан Қасымды шақырып алды. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *