Posted in

АҚ НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН, АҚ БІЛЕКТІҢ КҮШІМЕН

Ерен ерліктің, қайтпас қажыр, қарулы күрестің арқасында. ~ Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектің күшімен Дұшпанға қысым
көрсеткен, Қаз дауысты Қазыбек, Қара палуан Жәнібек Жалғанда тумас ер еді. М.Жұмаб. ~ Әлде болса, “Ханның қара сыбағасы”
деп алдымызға әкеліп беретін автономия жоқ, бұ заманда сыбаға ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алынады. Ж.Айм.
~ Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін-жерін қорғайтын қарулы кіреуке. Қазақтың ыстығына күйе білетін, суығына
тоңа білетін адал ұлы, адал құлы. Ж.Баб. ~ Қастың аты қас, сенің дос емес екеніңді Ташкент құшбегі білмей ме, басыңды
име. Одан да өз керегіңді өзің көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *