Жастардың үйленуін заңдастырды, ерлі-зайыпты деп жариялады. ~ Жұрт жиылды тойына, Отыз күндей ойынға. Ақ некесін қиған соң, Күйеу кірді қойынға. А.Бай. (“Ер Сайын”) ~ Ал, егерде ісіміз сәтті болып, егініміз мол шықса — ол тарыдан таспа қара, таңқы мұрттарға ғұшыр тағы тимейді. Сен келіншек алсаң — оның некесін қиятын ауыл совет. Х.Ес. ~ Семья басы — Қара молда көк есегін жортақтатып, ел қыдырумен күнін өткізеді. Өлгендерге құран оқып, үйленген жастардың некесін қиып, оп-оңай напақа табатын еті тірі, ылдым-жылдым кісі. Т.Бер.
