Posted in

АҚ ОРДА

1. Үлкен киіз үй. ~ Опат болып, ақ ордаң ойранданып, Қара жауың әкеліп қара қайғы. М.Мақ. ~ ІІІеткі қос маңында бірнеше аттар каңтарулы тұр. Оқшау жердегі оңаша ақ орда маңайында мылтық асынған солдаттар қараңдап жүр. Б.Тоғ.
2. Бай-шонжарлардың, ханның сәнді, еңселі үлкен ақ үйі. ~ Екеуіміз үлкен мырзаның ақ ордасына қарай жүрдік. М.Мағ. ~ Сөйтіп, бұл Мыңбұлақта ханның жазғы «резиденциясы» болған. Ақ Орда тігілген. Қай жерге тікті екен? А… бәлкім, осы біздің үй тұрған жер хан ордасының орны шығар, а? Ш.Мұр. ~ Бір–біріне тіркестіріле тігілген он екі қанатты екі үлкен Ақ орда — Хан ордасы өзге ақ үйлерден бөлек, малшы–қосшы төленгіт ауылдарынан қозы көш жерде, көк жасаңға оқшау орнаған–ды. Қ.Жұм.
3. Билік, үкімет. ~ «Көр де тұрыңыз, Әкім мырза, жыл аяғында жиырма миллион шаршы метрдің межесін аламыз, Ақ Орданың назарына ілігеміз!..» дейді. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *