Posted in

АҚ ОТАУ

1. Жаңа үйленгендерге арнайы тігілген ақ киізден жасалған әдемі үй. ~ Сол қатардың ортасында кеседей төңкерілген ақшаңқан үлкен ақ боз үй тұр. Ол — Пахраддиннің өз үйі, оң жағындағы ақ отау — Хансұлуға арнап тіккен, кыста Бесқаладан әкелген жаңа отау. С.Ел. ~ Өз жайлауына қонып, өзінің ақ отауын тіккен сенде де арман жоқ, Айша. Мына біз, мына мен не көрдім, атасына нәлет! Ш.Мұр.
2. Отбасы. ~ Бұдан он шақты күн бұрын алты қанат ақ отаудың жанында емен тұғырлы, күміс балақ баулы бүркіт отыр еді. Ж.Айм.
~ Сүйінші бер дегендей бір толықсып, Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, Қарайтұғын айдынға, ақ отауға. М.Мақ.
3. Құтты орта, ұя. ~ Олардың мектебі – қара өлең, өнеге шашушылары Ақыт, Абай, өнер өрісі – шығыстың шайырлары мен батыстың жаңашылдары болды. Сөйтіп шетелде қазақ поэзиясының өзіндік тынысы бар қазақы ақ отауы бой көтерген еді. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *