Posted in

АҚ САЗАНДАЙ

Сұлудың аппақ денесінің сипаты. ~ Осында Лаучүй деген қытайды білесіңдер, – деп бастайтын ол қытайлар тұратын қыстақты иегімен нұсқап, – Өзі кәрі болғанымен уылжыған жап-жас ақ сазандай қатыны бар. Оған құрт-май апарып беріп тұрдым, бір күні… Ж.Шәк. ~ …Айлы түн, ақ мамық төсек, құшағында ақ төсінде ай сәулесі ойнаған, ақ сазандай аппақ ару… Дәл осы сәтте Әкпарда еш арман жоқ тәрізді. І.Ес. ~ … сол ұяңдау қыз Гүлдібадам ақ сазандай келіншек болып, алтын-күміске белшесінен батып жүретін Алматының маңғаз әйелдерінің біріне айналады деп кім ойлаған. Ә.Тар.~ Ұйқы келер емес. Бойында алабұртқан бір қызу бар. Дәл қасында — ақ сазандай келіншек. Қайтпек керек? Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *