Сылаң қақты, наздана қимылдады. ~ Ең ақырғы көргенім мөлдір су астында бұлқынған ақ сазандай жарқ ете қалған Ақбаянның аппақ денесі мен кенет оның шарасынан шыға жаздап қорыққан көздері болды. І.Ес.~ Құлтай қыздың ақ сазандай бұлықсыған жалаңаш балтырларына қарап, бір сәтке сілейді де қалды. Көзінің алды бұлдырап кеткендй болды. С.Ас. ~ Қасында ақ сазандай керіліп жатқан Маху сұлуға да бұрылуға мұршасы болмай, аз күннің ішінде аурудан тұрғандай жүдеп кетіп еді. Қ.Жұм.
