Posted in

АҚ СИРАҚ ЖҰТ (ЖЫЛ)

Малды түк қалдырмай қырып кететін үлкен жұт. ~ Көрсетпей күннің толасын, Адалынан айырылып, Бір жұртта жиған қорасын, Мыңғырған неше байларың Бір ақ сирақ жұтқа кез болар! Б.Оңд. ~ Күн бүгін жылынар, ертең жылынар деп үздігіп өлдік әбден. Жылыну қайда, тіпті жібігенше-ақ отар-отарымен қойды жұт деген пәлеңе беріп те болдық. Кәдімгі ақ сирақ жұт болды. К.Қаз. ~ Баяғы тас мешінде малы қырылмаған осы ғана болатын. – Ойбай-ау, тауық ше, тауық? Нағыз ақ сирақ жылдың өзі емес пе еді? Содан да аман шықты ғой. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *