Posted in

АҚ СҮТІН (АСПАНҒА, КӨККЕ, АЙҒА) САУДЫ

1.Теріс бата берді; наза білдірді; қарғады. ~ Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын, теріс батамды беремін. Аналық қарызымды екі дүниеде де кешпеймін!» деді. Ә.Нұрш.~ Әп-сәтте бәрі теріс айналып үлгерді.Сол түнда Ағжан Айға қарап ақ сүтін сауып, Әжкенге қарғыс айтты…Қарғыс…Қарын шашы алынбаған ана қарғысы…Қате кетпейтін қарғыс еді. Т.Құл.
2. Құдайға жалбарынды, тілеу тіледі. ~ Ақ сүтін көкке сауып тілеген анаңның, сақалынан сорасы ағып еңіреп, намазға жығылып, құлшылық еткен әкеңнің тілеуін Хақ тағала шын берген екен. Тура сол Жәнібек шабарманнан айнымайсың. Бар мінез, бар қылығың сойып қаптағандай! С.Жүн.
3.Жоқтау айтты, зар жылады. ~ Жылқы батырдың жарлығымен төрт-бес жігіт Қожамбердіге аттанды. Бозорыстың сүйегі әкелінді. Жалғыз шешесінен басқа жақыны жоқ, жеке жігіт еді. Алпыстағы кемпір ақ сүтін сауып аңырағанда, ел күңіренді. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *