Posted in

АҚТЫҚ БАЙЛАДЫ

1.Киелі саналатын ағашқа ырым ретінде ақ шүберек байлау. ~ Баяғы, түбіңдегі тұмаңнан су ішіп, бір уыс топырақ алған, асығыс жарасын таңып, саған ақырғы рет ақтық байлап, қиыр асып кеткен менің тағдыры шырғалаң әкем еді ол… Т.Шап. ~ Мен білем, Әулие ағаш, сен көк күмбезді өзің көтеріп тұрғанда, құлазыған сары даланың әлдебір қиырынан көзі шалып қалған кездейсоқ жолаушы ғана емес, алыс–жақын төңіректегі елден де арнайы келіп, ақтық байлап, тәу етіп кететіндер көп болушы еді. Т.Шап.
2. Азалы үйге апарылған мал, ақша, басқа да нәрселер «ақтық салу» делінеді. Жақыны қайтыс болған кісілер белге, оң жақ білегіне бір тілім ақ шүберек байлайды. Мұның екі мәні бар. Бірі – «мен оның туысымын» дегенді білдірсе, екіншісі – «туысыма ақ тілек тілеймін» дегені. Осы ақ шүберек «ақтық» аталады, «Ақтық байлау» делінеді. Ж.Баб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *