Posted in

АҚТЫҚ ДЕМ

Адамның ажал алдындағы соңғы демі. ~ Сұлулық пенен пәктіктен Рақат күткен, бақ күткен, Шығып кеткенше ақтық дем, Арпалысып өтер қасқайып Күңкілмен, бұқпа сақтықпен. Ф.Оңғ. ~ “Әрине, көк тас керек. Керек– ақ! Жер бетіндегі ақтық демін жұтып таусып, ақырғы жолын шалқалап келіп осы араға тіреген жанның аты– жөні жазылып тұрғаны дұрыс– ақ. Әбден дұрыс. С.См.~ – Бұдан басқа не сөзің бар айтатын? Таусылды ма былшылың? Сеземісің ақтық деміңнің таянғанын?–дейді хан қаһарланып. М.Әбд. Айғанымның бұл қылықтары – бой жасау ғана болып шықты. Былайша тып – тың жатқан ол, «келіп қалды, келін балаң!» деп әлдекім бөлмесіне шүйінші сұрап бас сұға бергенде, көзін төңкере кеп ашып, қайта қатты жұмды да, демін ышқына алды… Бұл, – Айғанымның ақтық демі екен. C.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *