Өмірінің соңғы сәтіне шейін, кеудесінен жаны ұшқанша, өмірі үзілгенше. ~ Дарға асса – құдай қосқан қосағымен бірге асылады, басын кессе -жендеттің алдына бірге барады. Ақтық демдері біткенше жарық дүниені бірге көреді. Араларына адам түгілі ажал түспейді. Ә.Кек. ~ Қалың елді өзі басқарып, жасы ұлғайып егде тартқанша аттан түспей, төбе би болып жетпіс тоғыз жасында аға сұлтан дәрежесіне көтерілген қайратты дана би. Өзінің ақтық демі біткенше бар күшін ел басқару ісіне арнаған. С.Бат. ~ А–а, солай ма? Мен басқа оймен әлек боп тұрғанда сіз кешірілмес күнә жасаған екенсіз ғой. Естімеген ол сөзімді мен ақтық демім біткенше кеше алмаймын! Д.Ис. ~ Арман ағысында ол көкке көтеріліп, теңіз түбіне түсе алар. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ш.Айт.
