Аппақ, мүлтіксіз таза. ~ Тым құрығанда осыны түсінбегені ренжітіп еді Нұржанды. Өзінің жүрегі бос, тым-тым көңілшек, ақша қардай тазалығына тұңғыш рет жыны келді. О.Бөк. ~ Ішінде іш киімі де жоқ екен. Жаңа жауған ақша қардай аппақ дене жарқ ете қалды. С.Дос. ~ Оның ақша қардай тәнінде баданақтай – баданақтай бөртпеге көзі түсіп: «Сірә, бетіне де түскен – ау, ұялып жауып алған. Жүзі де тәніндей аппақ болар», — деп ойлады. Н.Сер.
