Ымырт жабылды, күн қарая бастады. ~ Қос батыр елден озып кетіп қалды, Барды да көрге кіріп жатып қалды. Ақшам түсе қалың қол шеру тартқан, Молаға таяу жерге қона қалды. БС. “Жәнібек б.” ~ Сол күні жұмыстан әбден шаршаған жігіт ақшам түсе кеңседен көшеге шықты. Аялдамада туфлиін бір-біріне соғып, көп тұрды. М.Қаб.
