Өз пайдасын біледі, ешкімге есесін жібермейді. ~ Жап– жас болып анау Көпжасарды қарашы төрт бөлмесі толған кілем, кісіге бір тиын ақысын жібермейді, жәйіне және қарап жүрмейді. С.Ел. ~ Ұлжан ақысын жібермейді, шап ете қалды: — Е, ұнағанын айтсақ, несі бар?! Ә.Тар.
~ — Шіркін-ай, алдымыздан бір тегене қымыз қашар ма еді? – деп Жексен тағы сөйледі. — Əй, несін айтасың! Алдымен сен ұмтылар едің. — Сендер де ақыларыңды жібермессің… Тоқта, əуелі кімге жол берер едіңдер? – деді Жексен. Ж.Айм.
