Абыр-сабыр әбігерге, дүрлігіс – дүрбелеңге толы уақыт. ~ Ал одан әрі тағы бір кезең – сонау жиырмасыншы жылдардың соңы, отызыншы жылдардың басындағы алағай да бұлағай заманда Үстірт асып, үдіре көтеріліп Әмуді бетке алып жер ауып кеткен елдің көне жұрты Сам құмы. М.Айым. ~ Әйтеуір, аласапыран, алағай да бұлағай буырқанған жұмбақ сезім санасын сансыратқаны рас; шарқ ұрған жаны тәнге бағынбай қойғаны шын. Ж.Шағ. ~ Баспалдақты былқ-былқ басып түсіп, құбылаға қараған қақпаға беттеді. Мойнын созып, көшеге қарап еді, алағай да бұлағай жел пілте – пілте шашын тарақтай жөнелді. М.Қаб.
