Ерекше сезімнің әсерімен алабұртып, тыным таппай, қобалжып, өрекпіген көңіл-күй. ~ Сынып, қайырылып қалған, әлсіреген қанатты қайта жамап, “алысты аңда, қасыңа қадалма! Қияда болса да қуантар дәурен келеді! Соған қарай аласұрған көңілмен, соған алаңсыз иланған ой, қиялмен сергіп көр!” – дегендей… М.Әу. ~ Шынында, қорек болмас бұл, Аласұрған көңілге. М.Жұм. ~ … бірақ Алтайға деген сағынышы аласұрған көңілін Алатауға қайтып қонақтатпады. Қ.Ысқ.
