Ес-түсінен айрылғандай (болды). ~ Жұмеке, ата сақал аузыңызға түскенше сiзге ақыл кiрмейдi-ау! «Аңдамай сөйлеген акырмай өледi» деген. Бөтен ел, бөгде жерде жүргенiңiздi, албасты басқандай, ұмыта бересiз. К.Сег. ~ Ойран -топырға жүгіріп жеткен жирен шабдар келіншек әуелде тоқ соққандай серейіп тұрып қалды да, албасты басқандай бақырып қора жыртығында бұғып жатқан қызыл қораздың құйрығын көргенде ежірейіп Асекеңе төнді. Қ.Ысқ. ~ Тау қойнауында отырған ауылдың қазіргі кеспірі албасты басқандай, аянышты- ақ еді. О.Бөк.
