Posted in

АЛДЫНАН ӨТТІ

1. Әлдебір іске кіріспестен бұрын рұқсат сұрап алды, ниетін айтты. ~ Қарсы уәж айта алмай тауы шағылып шыққан. Бірақ мойындағы міндет жүгі жеңілдегендей. Алдынан өттім. Кейін бірдеңе десе, анада ескерттім емес пе деп айтуға жақсы. Т.Сәу.
~ 2. Ақылдасты, кеңес құрды, дәріс алды. ~ Ел боламыз десе бір елең етпес дейсіз бе. Солардың алдынан өтелік. Содан кейін Адай ағайынға хабар салармыз. М.Әбд. ~ Бір қызығы, алдынан өтіп, дәріске жетіккендер келе-келе дәреже салғастырып, мұның өзін елемей кетті. Т.Шап.
3. Құда түсті, қыздың әке-шешесінің рұқсатын сұрады.
~ Тойы – қарашаның басында. Оған дейін құдалардың алдынан өту, кит кигізу дегендей біраз шаруасы бар, шығыны бар. Д.Әш. ~ Екеуі қосыларда… иә, сол қосыларда қыздың ата-анасының алдынан өтер адам табылмай бас қатқан. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *