Игі жақсылар, таңдаулы адамдардың жиыны. ~ Қазір Шерудің бар абырой, намыс баққан дейтін, салмағы ауыр, алқалы тобы алдында «жесір – кесір» деген сөзге шыдамай тулағаны болмаса, Әбділданың құтыла алмай отырғаны белгілі. Ж.Ахм. ~ Ал маған келсеңіз, менің сөзім – осы отырған игі жақсылардың сөзі. Олардың сөзі – патша ағзамға бодан болып отырған қазақ жұртының сөзі. Сондықтан осы алқалы топтың айтары менің де жауабым болады. Ә.Кек.
