Дін жолындағы, иманы берік адам. ~ Мен ғой, қалқам! Әсемім! Ғұлама діндар ағаңмын. Алланың ақ жолындамын. Ауырып жатып қалды дегенді естіген соң, жаным тынбай, Байпатшаевтан адресіңді жазып алып, көрейін, жайыңды білейін деп жеткенім қазір! Д.Дос. ~ Ібіліс сол күннен бастап Аллаға, оның сүйікті құлы Адам Атаға жауласып алды. Адам Ата ұрпағын заманақырға дейін Алланың ақ жолынан тайдыруға серт етті. С.Ел.
