Posted in

АЛМАҒАЙЫП ШАҚ

Құбылмалы, тұрлаусыз, тұрақсыз кез, мезет. ~ Ақыры, қоғам дейсіз бе, заман дейсіз бе – төбеден тапап, тұрмыс тауқыметі дейсіз бе, тіршілік қамы дейсіз бе – іштен паршалап, төңірек түгел тұйықталып, төтенше, тың жол таба алмай, қалжаурап тұрған алмағайып шақта, өнімді іс, ұтымды әрекетсіз сансыраған қалыпта бір, екі, үш жыл өткенде… тағы да түсіме кірді. М.Мағ. ~ Сондай бір алмағайып шақта, екінші жақтан үйездік үкіметтің алым-салық өкілі Мамозы арқылы астыртын әрекетпен шеруге Абдолла болыс болып, Керімбек орнынан түсіріледі. Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *