Posted in

АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ЖАРҚЫЛДАДЫ (ЖАРҚЫРАДЫ)

Естен кетпестей айбынды, отты, өткір, әсерлі мінез танытты. ~ Қызылбике сонда барып, əуелгі ойысқан бетінен тайқыды. Өзінің құлдилап, төмендеп, кішірейіп кетіп бара жатқанын сонда сезді… Қызылбике, алмас қылыштай жарқылдаған, өжет, өткір, қажырлы Қызылбике. Елді таң қалдырып, өзін танытып тұрған Қызылбике шынымен осы Керімбай жексұрынға берілгені ме? Ж.Айм. ~ Он жетіні тәмәмдап, он сегіздің ауылына ат қойған нағыз алмас қылыштай жарқылдап тұрған кез. К.Сег. ~ Әні-міне дегенше ағын судай сарқырап, алмас қылыштай жарқырап, айпап-жұйпап өттің де кеттің. Өкінгенмен пайда жоқ. Енді айналып соқпайсың. Ү.Жлк. ~ Мынау дүрбелеңі көп дүниеде алмас қылыштай жарқырап көріне алмасаң өзіңе сын. Көрінбесең кімге өкпелемекшісің… Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *