Posted in

АЛТЫ АЛАСЫ, БЕС БЕРЕСІ ЖОҚ

Еш жақындығы, ағайындығы, алыс-берісі жоқ. ~ Кішкене… сабыр ет!.. Мен ол қызды сенен қызғанды деп ойлама! Алты аласы, бес бересім жоқ, оған менің. Ол менің жесірім емес. Айта берсең ешкімнің де жесірі емес. Басы бос қыз. Қызға кім қызықпайды, қымызды кім ішпейді? С.Мұқ. ~ Ақыры екеуі кешкі сағат жетіде Гүлдін үйінің есігінің сыртына келіп, «сен кір, мен кірмен» ерегісіп біраз тұрды. – Сен кір, сенің соңынан мен кірейін, — деді Ғазиз. – «Алты аласы, бес бересім жоқ». Менің танымайтын үйге жетіп баруым лайықсыз? Сен кір. Б.Бұл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *