Алыстан (алысқа) жеткен қуатты дауыс, әсерлі ән, күй туралы. ~ Ендеше дауысыңды болсын тыңдар Сай-сала, орман-тоғай, қарлы шыңдар. Жиналсын айналаға қыз-бозбала, Асырып алты қырдан ән шырқаңдар! Б.Тоғ. ~ Ойы ыласқа ойнат нәубат-жасыңды. Жындай өріп жансыз гүлтәж ленталы, Күй күйігін алты қырдан асырды – Көтер, ақын, көтер, ақын, басыңды! Иран-Ғ. ~ Жаңағы бір кезде салған әнің алты қырдан асып барып біздің ауылға да жеткен еді, бір ауыз айттың да қоя қойдың бұл қалай? Еліңді осынша зарықтыру өзіне лайық па? Ә.Әб.
