Posted in

АЛТЫ ҚЫРДЫҢ АСТЫ

Көз жетпейтін алыс, көзден таса төмен жер. ~ Ауылда «алты қырдың астына» дегендей, жан көрмейтін таза жерге кетіп қалатын мен, бұндай қыспаққа қалай отырмақпын?.. С.Мұқ. ~ Жері белесті біздің Қызбелдің ауылдарына, келе жатқан келіншек таянып қалғанға дейін көрінбес еді, сондықтан, келіншекті керуге асыққан аттылы жастар жарыса шауып, «Алты қырдың асты» дейтін жерден қарсы алар еді. Ш.Айт. ~ Ойда жоқта тағы бір адам менің дипломыма өзгеше мән берді. Ол мен ұмытқан, әлдеқашан жоққа санаған, алты қырдың астындай қиядан, қиуасыздан келген бір жан!.. Көзінде көзілдірігі бар, бұл шақта шашы бурыл тартқан, салмақты, маңызды, ғалым бейнелі адам. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *