Posted in

АЛТЫ ҚЫРДЫҢ АСТЫНАН (АР ЖАҒЫНАН)

Шалғай жерден, көз жетпейтін қиядан. ~ Алыстан, алты қырдың астынан талып жеткен үн бүгінгі қазақ поэзиясының жасыл бағын ай нұрындай аймалап, киелі құсындай сүйеді. Бұтағына қонған бұлбұлы болып сайрайды. Ж.Шәк. ~ Ылғи бірөңкей киінетін жолдастары да ығай мен сығай: бірі әнші, бірі күйші, бірі гармоншы, бірі балуан, бірі сайыскер, бірі құсбегі. Той болып жатқан жерге алты қырдың астынан қосыла ән салып келеді. Б.Тоғ. ~ Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жүмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. ҚЕ. “Керқұла атты Кендебай”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *