Posted in

АЛТЫН БЕСІК

1. Кіндік қаны тамған туған жер, өскен орта. ~ Көкшетау – көк күмбездей төңкерілген, Орманмен сексен көлі көмкерілген. Аралы мұхит-түздің – алтын бесік, Ауысқан ертегіге ертегіден. Т.Әл. ~ Ел іші әлі де берекесінен айрылмаған алтын бесік күйінде екен … О.Бөк.
2. Ерекше тектілік белгісі. ~ Әбілқайыр үшін ел – өзі сияқты сұлтандар емес қалың қарашы. Өзінен гөрі жөргегі жібек, түбегі күміс алтын бесіктерден өрбіген өрелі тұқым бұл қанша елпектегенмен бәрібір көкірегінен қос аяқтап теуіп жолата қоймас. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *