Аса құрметті, қадірлі. ~ Қағаз-қаламды дайындап, Сияқұл не айтса соны жазайын деп мен отырмын. Ол қуыс жеңін сол қолымен уыстап алып: − Жаз, − деді. − Аса қадірлі, алтыннан ардақты, күмістен салмақты Кәлінін жолдас! − О кісі қазақша түсіне ме? − дедім мен күмәнданып. Ш.Мұр. ~ Хатты, сірә, жолдас жігіттерінің біреуі жазып берсе керек, өйткені: «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, жақсы құрбымыз Ұлтуғанға…» — деп бастап, онан әрі өлеңдетіп әкетіпті, тіпті Орақ айта алады, Орақ құрастыра алады дейтін сөздер емес. С.Мұр. ~ Неге білмеймін? Мен сенен де жас кезімде киноактриса боламын деп сандалдым емес пе? Ақыры міне, біреуге тоқал болып тындым… Бұрын да айтқам, қазір де айтамын: алтыннан ардақты, күмістен салмақты адам керек. Б.Тоғ.
