Posted in

АНАДАН ТУҒАНДАЙ

Тырдай жалаңаш. ~ Әйел орнынан түрегеледі… Қадырбек сасып қалады. Әйел анадан туғандай жалаңаш екен. Тек қап-қара, қою шашы ғана аш беліне түседі. Әйел екі қолымен төсін басып тұрып, қайтадан отырады. С.Сей. ~ Аппақ омырау жап-жалаңаш. Төсіндегі қос анардың саусақтың ұшындай қоңыр істігі шыбыш ешкінің үрпіндей.. Бір кез… белдемшесі сусып аяқ астына сұлады. Келіншек ләм демейді, бірақ тісі-тісіне тимей сақылдаған бойы әлгі бір анадан туғандай қалпында үнсіз келісім танытып шалқалай берді. С.См. ~ Мақпыр да тырдай, анадан туғандай жалаңаш. Шамасы ол да елсіз жерді іздеп келген ғой деймін. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *