Аузының суы құрып әңгіме қылды, жырға айналдырды, үлгі тұтты. ~ Тек сол Төре босағасында еңбек ақыға алған қойын
өсіріп, байып шыққанын ел күні бүгін аңыз етеді. С.Бег.~ Қаракөк биенің босанса – ақ төркініне қашатының сондықтан әлі
күнге шейін қосақтаулы жүргенін айтады. Әсіресе Бозтөбеде бәйгеден келген күреңін көш – құлаш аңыз етеді. Т.Әл.~
«Сабалақ қопаның» бергі қырында атам заманнан бері тұрған қартайған жалғыз қайың болатын. Жергілікті
халық мұны: «Киелі ағаш, пышақ тигізсең қан шығады, кескен адамның үрім-бұтағы құриды, өспейді», – деп
аңыз ететін. С.Жүн.~ Осы арада Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп айтатын екі
оқиға ойыма сап ете қалды. Ә.Нұрш.
