Posted in

АРА АҒАЙЫН

Екі тарапқа да жақындығы бар, ортаға жүретін, арашашы
адамдар. ~ Таңертең, Жiгiтек жаулыққа шығып, Солтабайдың қатынын алып қашып алды деген соң, бұлар ара ағайынды елемеймiн деген екен. Бөкеншi ет ашумен, Оралбайдың тентектiгiне орай, бiр оғат iс iстептi. Бiрақ қайда кете қалушы едi? Сабыр қайда? Аз шыдаса, ара ағайын алдында жеңер ақылға мықты болмас па едi? М.Әу. ~ Әңгіменің ушығып бара жатқанын көріп, біреулер ара ағайын болды. Т.Әлқ. ~ Бүлдіріп жүрген Төбет бастаған төрт- бес жігіт, басқа Бершенің жазығы не? Ара ағайын соны айтады. Жаманкөз тыңдамайды. З.Шүк. ~ Ара ағайындар да ат сабылтып, ел бiрлiгiн сақтап қалу үшiн ер құнын еселеп ұсынса да Тұрсынбай ешқайсысын аяғына отырғызбай қойған. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *