Posted in

АРА ҚОНДЫ

Жетер жерге жолшыбай орта жолда бір түнеп бару. ~ “Содан ары ертең Бұғылыны аралап, Машанға еркiн жетiп, ерте, түсте
барамыз. Күн ашықта жайласамыз. Бүгiн жетемiз деп өктемейiк. Асықпай, ара қонып-ақ барайық” дескен-дi. М.Әу. ~
Сыпатай мырза саспады, қайта, ризашылық білдірген. Ол – Найзатас деді. Етегі толы бұлақ. Аттыға – күндік, көшке ара қонып
жетер жер. М.Мағ. ~ Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен
шығып келеміз. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *