Бір-бірінен алыстатты, арасына іріткі салды. ~ Достың дос жұлдырмаса жауға түгін, Ешнәрсе айырмаса ара-жігін, Бірінің қабағына бірі қарап, Білмесе күннің қалай өткендігін. Не бар деп дүниеде мұнан артық? А.Бай. ~ Латын әліпбиі де қаша қоймас. Қаупім: Шығыс, Батыс елдерінен тым қашықтап кетпейміз бе? Мұсылман елдерін жақындастырудың орнына ара-жігін аша түспейміз бе? Г.Бел. ~ Қазақ зиялыларына іріткі салу, бай, кедей дегендей таптық тұрғыдан қарап араларын ашу, ара жігін бірікпестей етіп ажырату дұрыс болмады. Қ.Ерг. ~ Бір кезде ара-жігі ажырамастай болған ағайын-жұрағаттық қимастықтары майы таусылған шырақтай түтіндеп, қоңырсып барады… З.Төл.
