Тойымсыздық, обырлық туралы. ~ Бірақ «иттің иесі болса, бөрінін, тәңірісі бар» деген Итбайдың аранын ашқанына күйреп отырғам жоқ. Өлім біреу. Оның зорлығына тірі боп көнбеймін. Әуселесін көрейін, қарақшы кәзәптің!.. С.Мұқ. ~ Мiне, қабырғасы ырсиып қара сүмек болып қоянның соңынан сүлкiлдеп келе жатса, онысы қаныңда қиқу салған туа бiттi ескi құмарлық емес, «жесем, жесем!» деп өзегiнде ұлып аранын ашқан аштық қой. Т.Сәу. ~ Аранын ашқан ажалдан қашпақ боп, оқыс оңға бұрылып еді, буыны босап омақаса құлады кеп. С.Дос. ~ Енді не демекпін, аранын ашып жатқан ажалға бар дейін бе, әлде басқалар бара берсін, сендер қалыңдар дейін бе? Қ.Мұх.
