Шаршап-шалдықты; күні-түні жұмыс істеп, әбден қалжырады. ~ Сол шабан мәстек шегелеп қойған ырыстай қанша тепсе де кетпеді. Арқа тері арша, борбай еті борша болса да, жаны сірі немедей, өлмей жүре берді де, табаны күректей жиырма үш жасап, былтыр ғана құдыққа құлады. С.Мұқ. ~ Сенің арқа етіңді арша, борбай етіңді борша етіп, кежігеңнен басып, ғасыр бойы арқаңнан түспей, тақымын босатпай асылып, артылып алған тауқымет – өз шаңырағыңның ғана ауыртпалығы емес, ер жігіттің парызы, ел-жұртыңның намысы болатын. Ғ.Біл. ~ Бір кітапқа он мың сом алады, ә? Ой, оңбағандар! Онысын және бір жылда сипақтатып жаза салады. Ал Демьяныч болса арқа еті арша, борбай еті борша болып жүріп, он мыңды он жылда әрең табады. М.Қаб. ~ Апырмай, ә!.. Арқа етім арша, борбай етім борша боп, мұны асырап, сақтап… оқытып, адам қылған мен едім. Семіріп кеткенін қарашы бұл дүлей неменің, ә?..ә!.. Қ.Ысқ.
