Пейілі кең, қолы ашық жомарт адам т. ~ … ал үшеуін үш жаққа бөліп жіберсең, … кешегі алды дарқан, арқасы жазық кеңпейілің – қой аузынан шөп алмас көнтері момынға, жігерсіз ынжыққа, кешегі қызылсөзден түйін түйген кемеңгер ділмарың – әншейін жағын сауып зар қақсаған арзымсыз бәдікке, кешегі ерке шора ерің – өз жағасын өзі жыртып, көрінгенге көз алартқан арсыз ұрыншаққа айналып шыға келер-ді. Ә.Кек.
