Posted in

АРҚАСЫ ҚҰРЫСТАДЫ (ҚҰРЫСТЫ)

Ашуы келді, ыза болды, жаратпай қалды. ~ Кедей-кембағал, жетім-жесірге тізесін батырмаса ішкен асы бойына сіңбейтін осы әпербақанды көргенде бұның да арқасы құрыстап қоя беретін. С.Ел. ~ Жастық шағымның барлық өкініші үшін барлық көрген қорлығым үшін кегімді қайтаруым керек! — деп жұдырығымен үстелді қойғылады арқасы құрыстаған Федор Павлович. Ф.Дос. ~ Төле мана таңертеңнен бері–ақ Жәнібектің мынадай тар заманға жараспайтын манаураған маңғаздығын, қолындағы темекісіне дейін ұнатпай, арқасы құрысып отырған–ды. Қ.Жұм. ~ Әй, Бәтжан, осы көп мыжыған сөз не керек, көне бірер ауыз өлең айтып, мына арқасы құрысқан шалдардың терісін жазайықшы,— деп, домбыраны алып, шертіп-шертіп жіберді. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *