Posted in

АРҚАСЫН (ӨН БОЙЫН, ЖҮРЕГІН) АЯЗ ҚАРЫҒАНДАЙ (БОЛДЫ)

Селк етті, тітіркенді. ~ Қалай екенi белгiсiз, дәп осыған назары ауды. Қараптан-қарап арқасын аяз қарығандай сезiндi. Тұғырдағы дүр сiлкiнген құстай, денесi тiтiрендi. Ә.Ыб. ~ Қиыр-шиыр қалтарысы көп ұзын шұбақ қара көлеңке жайдың әлде бір қуысынан пыр етіп жарғанат ұшқандай оқыс шыққан осы бір әжептарқы дауысқа манадан бері жағаларын ұстап, арқаларын аяз қарығандай қаралай түршігіп келе жатқан қалың дүрмек ошарыла тоқтады. Ә.Кек. ~ Ол қап-қараңғы терезе алдына шоқиып отырып алып: «Ау-у-у!..» деп өзінің ұзақ сонар үйреншікті әуеніне басқанда, арқаңды аяз қарығандай, өн бойың тітіркейді. Иттің ұлуын жел ала қашып, шатқалды бойлай алысқа әкетіп жатыр. Ш.Айт. ~ “Ақбөбек, сайқылықпен бұраңдайсың, Сұм жалған өтер десем, тіл алмайсың…” — Ақбөбек өз атын Қайып аузынан естігенде, жалт қарады. Өн бойын аяз қарығандай дүр сілкінді. Ү.Жлк. ~ … қасыңдағы жанды жоғалтқанда ғана барып, жүректі а

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *