Posted in

АРПА ІШІНДЕ БІР БИДАЙ

Елден ерек, басқаларға ұқсамайды. ~ Омбы дамаларының бағасында бұл қалада нелер сымбатты сұлу жігіттер болғанмен, Шоқан «арпа ішінде бір бидай», «қаршығалар ішіндегі лашын». С.Мұқ. ~ Қызылқұлақ күнің әне-міне дегенше қылпылдап батып кетеді, тез барып, тез келмесек, қараңғыда арбаны аударып аламыз. Арпа ішіндегі бір бидай арқардың жайын жолшыбай менен сұра, сен тыңда, майын тамызып айтып беремін. М.Қаб. ~ Жұрт оған одырайып қарайтын, езу тартып күлетін, бас шайқап мүсіркейтін… бірақ «арпа ішінде бір бидай» әпенді кемпірдің жан түкпіріне үңілген кім бар? Т.Сәу. ~ Е, Сәлиманы білуші ме едің? Арпа ішіндегі бір бидай ше? Қазір көрсең, танымайсың. Қол-аяғы балтадай сылыңғыр келіншек. М.Қаб. ~ «Иә, біреудің «арпа ішінде бір бидайы», әлпештеп, әндігерлеп өсірген қарақат көз еркесі, бір ауылдың көркі еді ғой Қырмызы. Ш.Рах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *