Posted in

АРТЫҚҚА БАРМАДЫ

Белгілі бір межеден аспады, щектен шықпады. ~ Жапырып тастайын деген адамша, ыңғайланып, қожырайып, осының кесірі тиіп отыр дегендей боп, көйлегінің жеңін білекке шейін түріп, мойнын бүгіп ұмтылса да, бір-екі жолдан артыққа бармай, тұрып қалады. Б.Май. ~ Сәлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа бармадым. Ә.Нұрш. ~ Жалғыз бұлар емес-ау, көпке тиісті нәрсені әкелуге адам сайланатын болса, ауылнайдың аузына Әжігерей мен Молдаш түседі. Жұрт құр кіжінуден артыққа бара алмай қала береді. Б.Май. ~ Осы күннен бастап, Ноян мен Құралай арасында махаббат оты өрши түсті. Қыз жігітті қанша жақсы көрсе де қызыл ернінен сүйгізуден артыққа бармады. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *