Қудалады, басқан ізін аңдыды, қыр соңынан қалмады. ~ Аяғанда мұқым еңбегім зая кетіп, қудаландым. Қорғатқанды қойып,
қолжазбаңды өрте деп, артыма шырақ алып түсті. О.Бөк. * Бір замандарда ол мұның артына шырақ алып түсіп, “молданың
баласы, ниеті бұзық” деп орға да итермелеген. О.Сәрс. ~ Жәніке-Сарыға қараған туыстарын Сегіз де жақтырмайды.
Тоқалдан тарағандарды құл орнына жұмсайтынымен тұрмай, соңғы жылдары Сегіздің ізіне шырақ алып түскен. Мақпалға да
таңбаған атақтары жоқ. “Ат көті күң” атап қойыпты. З.Шүк.
