Кеткеніңнен қайтып оралма д. м. қарғыс ырымы. ~ Орыстардың дыбысы өшкенше: «Құтқарғаның шын ба, жасаған!» дегендей, арттарынан топырақ шашып, қарасы өшкен соң: «Үүһ!» деп демін бір алып, төңірегіне көз салды. Ж.Айм. ~ Есі бар ел болса, күлмеу де керек, табаламау да керек. Есі бар басшы болса, колхоздан бір адам емес, тұтас бір үй көшіп бара жатқанда, етінен ет кесіп алғандай болмай ма? Кетпе, көмектесеміз, асыраймыз, өлтірмейміз демей ме? Ондай басшы табылмайды. Қайта «кеткеніңнен келме, жатқаныңнан тұрма» деп артымыздан топырақ шашты. Ш.Мұр. ~ Кемпірдің әрі жалғызы, әрі жалмауызы. Жыл бұрын келіншегі соңынан топырақ шашып, үйінен тырқыратып қуып шыққан. М.Қаб.
