Кейіннен белгілі болды. ~ Ол кезде орыстың тіліне түсінеміз бе, шоқпармен әлгіні сілтеп өттім… Артынан барып білдім-ау;
ол байғұс менің басымның жарылғанын көріп, өлесің ғой деп аяп тұрғаны екен. Өзім сияқты қара қасқаның бірі екен,
артынан соның өзімен тамыр болып кеттім… Б.Май. ~ Көңілім кенет жүдей қалды. Ақбаян біраздан бері алғашқы күндегідей
ауруханаға келіп менімен жолығуды тілеуді қойды. Бұнысы несі? Себебін артынан барып білдім. І.Ес.~ Каникулдан
қайтқанша елегізіп, анам үйге әне-міне кіріп келетін сияқты болды да тұрды. Мұның бәрі қимас көңілдің
алдамшы елесі екенін артынан барып білдім. К.Қаз.
