Өзін аға, қамқоршы, көсем тұтқан жақыны, халқы туралы. ~ Ақынның екпініне қарсы қара дауыл шықты. Атқан оғы тасқа тиді. Қол бастаған ер болсын, артынан ерген ел болсын барлығының да тауы шағылды. От сөнуге айналды. М.Әу. ~ Артымнан ерген жалғыз қайным еді, ағасының сиқы анау. О.Сәр. ~ Мен сенің бақытыңды жандыра алмадым ғой… Артыңнан еретін тұяқтың қамын ойла, — дегенде Бибінің үні қалтырап кетті. Қ.Жұм.
